-A A +A

Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді

Бүгін Әділет министрі Марат Бекетаевтың басшылығымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізілді. Отырыс жұмысына мемлекеттік органдар, үкіметтік емес сектор және бизнес өкілдері қатысты.
Отырыс барысында заң жобасы және 2 заң жобасының тұжырымдамасы қарастырылды:
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы (баяндамашы – Мәжіліс депутаты Базарбаев Асқар Ермұрзаұлы, тең баяндамашы – Тоқтабаев Тимур Серікұлы – ҚР инвестициялар және даму вице-министрі );
  • «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» және оған ілеспе Заң жобасының тұжырымдамасы (баяндамашы Баталов Асқар Болатұлы – ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі);
  • «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» (баяндамашы - Жакупова Светлана Кабыкеновна – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі).
Қалыптасқан дәстүр бойынша баяндамашылар журналистердің сауалдарына толық жауап берді.
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі, тел: 74-06-01, 74-06-02