-A A +A

Заң жоба бойынша ҚР Әділет Министрі М.Б. Бекетаевтің баяндамасы

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!
Құрметті Сенаторлар!
Назаларыңызға ұсынылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық, банк заңнамасын жетілдіру және кәсіпкерлікті жүргізу жағдайын жақсарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтарулар енгізу туралы» Заң жобасы Қазақстан Республикасының екі мың оныншы (2010) жылдан екі мың жиырмасыншы (2020) жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
Заң жобасынының басты ережелері келесіні көздейді.
Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселесі бойынша
Бірінші. Заң жобасы тараптардың келісімі бойынша мүлікті бөлу мүмкін болмаған жағдайда, оны жария саудаға салып сату туралы соттың шешім қабылдау міндетін белгілейді.
Аталған түзету Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің нормативтік қаулысының ережелерін орындау және жалпы меншік құқығын, сондай-ақ даулы мүліктің меншік иелерінің құқықтарын қорғауды күшейту мақсатында ұсынылды.
Екінші. Заң жобасымен меншіктен бас тартудың талаптары нақтыланады.
Атап айтқанда, меншіктен бас тартудың талаптары ретінде меншік иесіннің ерік білдіруі құқыққа сай және еріктілігі көзделеді. Сонымен бірге, мемлекет және оның органдарының меншік құқығынан бас тартуына тыйым салынады.
Аталған шаралар сот және құқық қолдану тәжірибесінде әртүрлі мағыналы түсінуді жояды, сондай-ақ меншік құқығын қорғауды күшейтеді.
Үшінші. Жан азабы немесе тән азабы салдарынан қайтыс болған азаматтардың туыстарының құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында заң жобасымен олардың моральдық зиянды өтеу құқығы белгіленеді.
Төртінші. Заң жобасы жарамсыз мәмілелерді дауланатын және мәніссізмәмілелерге заңнамалық негізде бөлуді ұсынады.
Аталған жіктеу шарттық қатынастардың тұрақтылығын және мәміле жасасу барысында құқық бұзушылықтарды болдырмау тәртібін сот рәсімін өткізбей оңайлатуды қарастырады. Бұл тараптардың уақыттық және материалдық шығындарын едәуір азайтады.
Келесі, Кәсіпкерлік қызметті жүргізуді жақсарту саласында.
Шағын және орта бизнестің субъектілерін электрондық тіркеу кезінде, бірден банктермен және сақтандыру ұйымдарымен келісім шарттар жасасу, сондай-ақ Қосылған Құн Салығы (НДС) бойынша тіркеуге тұру мүмкіндігі көзделген.
Аталған ереже бизнесті жүргізудің бастапқы сатыларын айтарлықтай жеңілдетеді және жалпы алғанда кәсіпкерлік белсенділікке жағымды әсер етеді.
Бұдан басқа, қосымша мәліметтерді алумен байланысты әкімшілік шығындарды қысқарту мақсатында мемлекеттік тіркеу туралы анықтамада заңды тұлғаның басшылары, құрылтайшылары туралы мәліметтерді көрсету ұсынылады.
Сондай-ақ, азаматтық процессте барлық жауапкерлерге тең құқық беру мақсатында заң жобасы талап қою өтінішін қайтарып алуы үшін нақты мерзімді анықтайды – он жұмыс күні.
Банкроттық басқарушылардың банкроттық рәсімдерді созуға мүдделі екенін ескере отырып, заң жобасы уәкілетті органға олардың сыйақы мөлшерінің ең жоғарғы шегін анықтау құзіретін бекітеді.
Жалпы алғанда, көрсетілген ұсыныстарды іске асыру кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруға ғана емес, тартымды инвестициялық климатты құруға, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі халықаралық рейтингтерде орнын жақсартуға жағымды әсер етеді.
Келесі, Банк заңнамасын жетілдіру бойынша.
Екі мың он жетінші (2017) жылғы отыз бірінші (31) қаңтардағы Мемлекет басшысының Халыққа жолдауында айқындалған тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында заң жобасы банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шараларды көздейді.
Атап айтқанда, «Проблемалық кредиттер қоры» Акционерлік Қоғамының Ұлттық Банктен Үкіметке өтуі көзделген.
Құрметті Сенаторлар! Сөзімді аяқтай келе, аталған заң жобасын қарау бойынша жемісті жұмыстарыңыз үшін алғыс білдіремін!
Заң жобасын қолдауларыңызды сұраймын.
Назарларыңызға рақмет!