Толық нұсқауға көшу
Ресми интернет-ресурс
-A A +A

Үйлестіру кеңесінің жұмысы қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысы әділет органдарының Үйлестіру кеңесі 12 желтоқсанында өзінің кезекті отырысында ауқымды мәселелерді талқылап, 2017 жылды қорытындылады.
Отырыс барысында Қазақстан бағалаушылар қауымдастығының Шығыс Қазақстан облысы Палатасының төрайымы Татьяна Колтунова «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңына енгізілген өзгерістер бойынша бағалаушылардың құқығының бұзылғандығы туралы мәселелерді көтерді. Аталған сұрақ кеңес мүшелерімен талқыланып, ұсыныстарды ҚР Әділет министрлігіне жолдау туралы шешім қабылданды.
Жыл бойы Үйлестіру кеңсесінің бақылауында болған «Азаматтарға кепілді заңды тұрғыда көмек көрсету мәселелері бойынша туындайтын сұрақтар» тақырыбында Адвокаттар алқасының төрайымы Ботагоз Ахметжанова, департаменттің бөлім басшылары Айман Раева мен Сауле Исаева өз пікірлерін білдіріп, осы бағыттағы өзекті мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар, Үйлестіру кеңесінің мүшелігіне өзгерістер енгізіліп, Шығыс Қазақстан облысы бойынша сот сараптамалары институтының директоры лауазымына тағайындалған Алпамыс Ескулов мүшелікке қабылданды.
Шығыс Қазақстан облысы әділет органдары Үйлестіру Кеңесінің 2018 жылдың 1 тоқсанына арналған жұмыс жоспарының жобасы талқыланып, бекітілді.
 
ШҚО Әділет департментінің баспасөз қызметі