-A A +A

Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 27 қадамын жүзеге асыру

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен жарияланған «Бес институционалдық реформаны» жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының 27-қадамын орындау мақсатында Алматы облысының Әділет департаментімен алиментті өндіру туралы атқару құжаттары талапкердің арызы негізінде жеке сот орындаушыларға орындау үшін жолдануда. Жеке және заңды тұлғалар шағымдануының алдын алу мақсатында аумақтық жеке сот орындаушылар палатасының, Әкімшілік полиция басқармасының, мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының және мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдерінің қатысуымен Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Қарасай ауданында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында әкімшілік айыппұлды өндіру, борышкерлерді мәжбүрлеп әкелу және әлеуметтік маңызды санаттағы істерді орындау мәселелері талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Алматы облысының Әділет басқармасының
Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасы