-A A +A

Тоғызкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді

2017 жылдың 17 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаментінің Сарысу аудандық Әділет басқармасымен Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарындағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық басекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша Тоғызкент ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында қазақстандықтардың бәсекеге қабілетті мәдени ментальдігін қалыптастыру бағыттары айтып өтілді, Жолдауда көрсетілген экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту, институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты бағыттар түсіндірілді.
Кездесу нәтижесінде Тоғызкент ауылдық округінің әкімі Жолдауды талқылауға және белсенді қатысқандары үшін алғысын білдірді.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі