-A A +A

Террористік әрекеттің алдын алу және Қазақстан Республикасындағы дін күрделі көріністері бойынша дөңгелек үстел

Қазақстан Республикасы Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы Заңының 10-3 бабының 1 тармағы 4 тармақшасына,меншік нысанына қарамастан, террористік тұрғыдан осал объектілердің меншік иелері, иеленушілері, басшылары немесе өзге де лауазымды адамдары террористік әрекеттің алдын алу, сондай-ақ объектілерді терроризмге қарсы қорғау және олардың қауіпсіздігін тиісті деңгейде сақтау мақсатында жасалған терроризм актісінің салдарынан туындаған техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлескен іс-қимылдарды жоспарлау мен пысықтау.
«Террористік қауіп туындау кезінде Әділет департаментінің қызметкердердің іс-әрекеттері» тақырыбында, Астана қаласы Ішкі істер департаменті, Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдерімен, Астана қаласы Әділет Департаментінің ғимаратында Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.С.Арингазиновтың төрағалығымен 2017 жылдың 07 қыркүйегінде дөңгелек үстел өткізілген.
Сонымен қатар, Нұр Астана мешітінің наиб-имамы Муслимов Даурен, Ұлттық қауіпсіздік Комитетінің Астана қаласы Департаментінің полковнигі В.И.Максименко, мәдениет және діни халықаралық орталығынығының басшысы Д.Б.Есенова «Қазақстан Республикасындағы дін күрделі көріністері» тақырыбындағы баяндамамен сөз сойледі.
Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары Н.Арингазинов лаңкестік қаупінің таралуына себеп болатын бірқатар факторлар мен жағдайларды, сондай-ақ Қазақстандағы діни ахуалдың проблемалық аспектілерін атап өтті. Н.Арингазинов кіріспе сөзінде: «Халық арасында лаңкестікке және діни экстремизм идеологиясының таралуына тиімді қарсы тұру билік және басқару органдарының барлық деңгейінде келісілген, нақты өзара іс-қимылды, алдын алу шаралар кешенін қолдануды және оны одан әрі жетілдіруді талап етеді», деп басып айтты.
Кеңес барысында жастар ортасын радикалды діни идеологиядан қорғау жұмысының жағдайын, сондай-ақ лаңкесттік қауіпке аудандық жедел штабтардың әрекет етуге дайындықтары, проблемалар мен оны шешу жолдары туралы баяндамаларға түбегейлі талқылау жүргізілді.
 
 
Н.Арингазинов
Астана қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары