-A A +A

Тегін заңгерлік көмек көрсету

2017 жылғы 10 тамызда Ақтөбе облысы Әділет департаменті тегін заңгерлік көмек көрсету, азаматтарға консультациялар беру мақсатында Instagram әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде zello.aktobe аккаунті арқылы«Ашық есік күні» акциясын өткізді. Аталған акцияға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, жекеше нотариус, адвокат, әділет департаментінің азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы қызметкерлері, заңды тұлғалар қатысты. Құқықтық консультациялар алуға 100-ге жуық адам жүгінді.
Облыс тұрғындарының тарапынан тегін заңгерлік көмек көрсету, өндірісті атқару, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, азаматтық хал актілерін тіркеу және тегін дәрігерлік көмек салаларына қатысты сұрақтар қойылды.
 
Ақтөбе облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі