-A A +A

Таразда Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

2017 жылғы 13 маусымда Жамбыл облысы Әділет департаменті басшысының төрағалығымен Жамбыл облысы Әділет органдарының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына Жамбыл облысы Сот сараптамалары институтының, Жамбыл аймақтық құқықтық ақпарат орталығының, Жамбыл облысы нотариалдық палатасының, Жамбыл облысы адвокаттар алқасының, Жеке сот орындаушыларының өнірлік палатасының басшылары қатысты.
Отырыста Жамбыл облысы Әділет департаменті қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарын алдын алу жұмысының 2016 жылдың және 2017 жылдың 1 тоқсанындағы қорытындылары және Жамбыл облысы бойынша Сот сараптамалары институтының ағымдағы жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмысының нәтижелері қаралды.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі