-A A +A

Тараз қалалық Әділет басқармасы Елбасы Жолдауын насихаттау бойынша кездесу өткізді

Мемлекет Басшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауда туындаған сұрақтарды тез арада шешу емес, ол отандық экономиканы және мемлекеттік басқаруды кезең-кезеңімен жаңа сапалы деңгейге ауысу жүйелі бағдарламасы болып табылатыны анық. 15.02.2017 жылы Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясының филиалында Қазақстан Президентінің Жолдауының басым бағыттары әлеуметтік, экономика, білім беру мен денсаулық сақтау салалары түсіндірме жұмыстары бойынша семинар өтті. Бейнеконференцбайланыс арқылы өткен семинарға қатысқандар-ақпараттық топтардың мүшелері, депутаттар, кәсіпкерлер палатасының өкілдері, мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстан заңгерлерінің одағы республикалық қоғамдық бірлестігі Жамбыл облыстық филиалының мүшелері, Жамбыл облысы іскер әйелдер қауымдастығының өкілдері, жас нұротандықтар Жолдауда белгіленген барлық бағыттар бойынша ақпарат алды. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, қорғаныс және қауіпсіздік, сыртқы істер Комитетінің төрағасы Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев, «Нур Отан» партиясының хатшысы Фархад Шаймұратұлы Қуанғанов ақпараттық технологияларды енгізу туралы, қазақстанның жаңа мемлекет қалыптасудың моделінің принциптері халыққа есеп беретін кәсиби Парламент, жауапты Үкімет, тәуелсіз сот жүйесі, мықты президенттік билік туралы айтып өтті. Осы көзғарастарды іске жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының әр азаматына бағдарламалы құжаттың маңыздылығын, оның мемлекетіміздің жаңа деңгейде дамытуға көмек беретінін түсіндіру қажет екендігі жайында қатысушылар тілге тиек етті.
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі