-A A +A

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – біздің жалпы міндетіміз

2017 жылғы 17 мамырда СҚО Әділет департаментінің басшысы, сонымен қатар СҚО Әділет департаментінің персоналмен жұмыс және ішкі қауіпсіздік жөніндегі бөлім басшысы «Қазақстан-Петропавл» облыстық телерадиоарнасы үшін ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының бесінші басымдығы – институционалдық түрлендіру, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлықпен күресуді іске асыру бойынша әділет органдарымен атқарылып жатқан жұмыс туралы сұхбат берді.
Сұхбат барысында сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды алдын алу және жолын кесу мәселелері Әділет департаментіндегі ең басты қызметтердің бірі болып табылатыны айтылды. Әділет органдарымен тұрақты негізде қызмет этикасының нормаларын сақтау және қызметкерлер тарапынан бұзушылықтарды алдын алуды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және Этика кодексінің нормаларын бұзу, сонымен қатар СҚО Әділет департаменті қызметкерлерінің жағынан мемлекеттік қызметтінің беделін түсіретінәрекеттер жасау фактілері жоқтығына ерекше назар аударылды.
Барлық мемлекеттер органдар, ұйымдар, жалған мемлекеттік секторлардың субъектілері және лауазымды тұлғалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуге міндетті.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз-қызметі