-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - баршаға ортақ міндет

Ағымдағы жылғы 14 сәуірде Қызылорда облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ міндет» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік көзқарасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сана-сезімді, мәдениетті  қалыптастыру болып табылады.
Дөңгелек үстел басында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің А.Мұхимов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің ШТАБ басшысы Б.Ниязов, және «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады. 
Іс-шара барысында Әділет департаментінің басшысы Қ.Сапаров Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясындағы: «Сыбайлас жемқорлыққа деген төзбеушілік әрбір қазақстандықтың азаматтық ұстанымына, ал Адалдық пен Сатылмаушылық мінез-құлық нормасына айналуы тиіс» деп атап өтіп, сыбайлас жемқорлықпен жұмыла күресуге шақырды.   
 
Қызылорда облысының Әділет департаментінің
баспасөз қызметі