-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылдың 07 тамызында Алматы облысы Алакөл аудандық Әділет басқармасының ұйымдастыруымен Алакөл аудандық №2 сотымен бірлесіп «Сыбайлас  жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықтар және оның алдын алу» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.
Іс шара барысында игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар, өзінің мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерін атқаруына байланысты және қызметі бойынша өздеріне тәуелді адамдардың сыйлықтарын алу немесе қызметін қабылдау туралы талқыланды.
Іс шараның мақсаты - барлық мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар өзінің қызметіне жататын сыбайлас жемқорлыққа күрес жүргізуі міндетті.