-A A +A

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында семинар өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби аудандық әділет басқармасында мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатындасеминар өткізілді.
Іс-шара барысында әділет басқармасының басшысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің принциптері мен негізгі міндеттері, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көзделген жауапкершілік туралы түсінік берді.
Кездесу қортындысы бойынша сыбайлас жемқорлық - бұл біздің мемлекет пен қоғамның моральдық мәселесі, және де оған қарсы күрес қоғамның барлық мүшелерінің ортақ ісі болып табылатыны айтылды.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі