-A A +A

Сот-құқықтық саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өткізілді

Әділет министрінің орынбасары Э.Ә.Әзімова «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» Сот төрелігі мен құқық тәртібі жөніндегі кіші комитетінің 13-ші отырысына қатысты.
Іс-шараға Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері, Еуропалық Одақ делегациясы, Еуропалық Одақтың Қазақстан Республикасындағы өкілдігінің, Еуропаның бірқатар елдерінің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
Отырыс барысында сот-құқықтық саласында халықаралық ынтымақтастықтың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Еуропа елдерінің арасында тәжірибе алмасу мәселелерінде практикалық ықпалдастықты нығайтудың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.
 
Отырыстың күн тәртібінің негізгі тақырыптары заң үстемдігі, сот жүйесін басқару мен реформалау, көші-қон және шекараларды басқару, есірткі заттарының заңсыз айналымы, ақшаны жылыстатумен, сыбайлас жемқорлықпен және терроризммен күрес мәселелері болды.
Отырыс барысында Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімова Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадам – Ұлттық жоспар шеңберінде өткізіліп жатқан сот реформасы бойынша Әділет министрлігінің ролін атап өтті.
Тараптар отырыстың нәтижелері мен пікір алмасуға ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен арттыру қажеттігін атап көрсетті.