-A A +A

Солтүстік Қазақстанда зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өтті

2017 жылғы 16 наурызда СҚО Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі бөлімінің басшысы Б. Қазбеков Қазақстан Республикасының «Зияткерлік меншік саласындағы заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасының қоғамдық тыңдауларына қатысты.
Іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері және «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК қызметкерлері қатысты.
Қоғамдық тыңдаулар барысында қатысушылар аталған Заң жобасын қабылдаумен қолданысқа енгізілетін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы жаңа тұстарымен танысты. Сонымен қатар, қатысушылар өнеркәсіп меншігінің объектілерін тіркеу бойынша толғандырған сұрақтарын қойды, тауар таңбалары мен өнеркәсіп үлгілерін тіркеуге өтінімдер беру кезінде туындайтын олқылықтар туралы айтып өтті.
Кездесудің қорытындысы бойынша «Нұр Отан» партиясы филиалы негізінде кәсіпкерлер үшін зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласында түсіндіру жұмысын жүргізу мақсатында мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен «дөңгелек үстел» отырысын өткізу шешімі қабылданды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі