-A A +A

Солтүстік Қазақстан облысында Үйлестіру Кеңесінің отырысы өтті

2017 жылғы 14 маусымда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Р. Кактай Мемлекеттік органдарының заң қызметі Үйлестіру Кеңесінің отырысын өткізді.
Отырыс барысында Әділет департаментінің бас маманы Ж.Әбдірахманова қосымша құқықтық мониторинг қорытындылары туралы, сонымен қатар 2016 жылға арналған заң бұзушылықтарын жою туралы ұсыныстарды қорытындылау нәтижелері туралы сөз сөйледі.
Бұдан артық, ҚР Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын түсіндіру бойынша өткізілген жұмыстар туралы баяндамамен СҚО ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары А. Хабибулин, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының мүшесі И. Татваев сөз сөйледі.
Іс-шараның қорытындысы бойынша 2017 жылдың 3 тоқсанына арналған Заң қызметі Үйлестіру Кеңесінің жұмыс жоспары бекітілді.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі