-A A +A

Солтүстік Қазақстан облысында нотариустармен семинар өткізілді

2017 жылғы 15 наурызда СҚО Әділет департаменті басшысының орынбасары Г.Қ. Қожахметова СҚО Нотариаттық палатасының төрайымы Г.М. Оспановамен бірлесіп облыстың жеке нотариустарымен семинарлық оқыту өткізді.
Іс-шара барысында құқықтық түсіндіру жұмысы және халыққа заңгерлік қызмет көрсету жөніндегі бөлімінің басшысы Е.А. Жульдикова құжаттардың көшірмелері мен аудармасының және шетел мемлекетінің ресми мекемелерімен берілген оның үзінді көшірмесінің дұрыстығын куәландыру тәртібі туралы айтып өтті. Сонымен қатар семинарға Нотариаттық палатасының заңгері А.А. Қазиева нотариаттық іс-әрекеттерді жарамсыз деп тану туралы істерді соттардың қарау тәжірибесі туралы баяндамасымен сөз сөйледі, Тайынша ауданының нотариусы А.А. Астамирова мұрагерлік істерді ресімдеудің нотариаттық тәжірибе туралы айтты.
Кездесудің соңында нотариустарға ҚР Әділет министрлігінің және Республикалық нотариаттық палатасының грамоталары мен құрмет хаттары берілді, сонымен қатар нотариат саласындағы көкейтесті мәселелер талқыланды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі