-A A +A

СҚО Әділет департаментінің басшысы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдады

2017 жылғы 19 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы – Әдеп кеңесінің мүшесі Р.С. Кактай М.Жұмабаев ауданындағы «Нұр Отан» партиясының филиалында азаматтарды қабылдады.
Аталған іс-шараның мақсаты халық арасында құқықтық көмек көрсету және кеңестік жұмыс жүргізу болып табылды, бұл кері байланыстың тиімді құралы, ақпарат алудың сапалы арнасы болып табылады.
Қабылдау барысында М.Жұмабаев ауданының азаматтарынан нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы сұрақтар келіп түсті, оларға тиісті түсініктемелер берілді.
Аталған іс-шараның шеңберінде барлық ниет білдіргендер білікті көмек алу мүмкіндігіне ие болды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі