-A A +A

СҚО Әділет департаменті басшысының халық алдындағы есептік кездесуі болып өтті

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы Руслан Кактайдың халық алдындағы есептік кездесуі өтті.
Есептік кездесуге Кәсіпкерлер палатасы, Жеке сот орындаушылары палатасының өкілдері, облыстық және қалалық мәслихаттың депутаттары мен тұрғындар қатысты.
Кездесу барысында басшы 2017 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындылары бойынша СҚО әділет органдары қызметінің негізгі мәселелері бойынша жұмысын баяндады, жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, атқарушылық өндіріс, Қазақстанның әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіруіне қатысты мәселелер бойынша енгізілген өзгерістерді атап өтті.
Сонымен қатар, «Алименттер. Төлемеушілікке қарсы 30 қадам» жоспарын іске асыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесін біріктіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Азаматтардан келіп түскен барлық сұрақтарға білікті жауаптар берілді.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі