-A A +A

СҚО-да «Әділет кенес береді» республикалық акциясы өткізілді

2017 жылғы 23 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КАҚ СҚО бойынша филиалы өкілдерінің қатысуымен «Нұр Отан» партиясының Солтүстік Қазақстан облысы филиалымен бірлесіп әділет органдары қызметінің негізгі бағыттарына қатысты мәселелер бойынша «Әділет кеңес береді» республикалық акциясын өткізді.
Іс-шараның басты мақсаты - әділет органдары жұмысының айқындығын, ҚР Әділет министрлігіне қатысты мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығын қамтамасыз ету, халыққа кеңестік көмек көрсету болды.
Аталған іс-шара шеңберінде жылжымайтын мүлікті тіркеу, атқарушылық өндіріс, медициналық сақтандыру салаларында сұрақтар келіп түсті, оларға тиісті түсініктемелер берілді.
Аталған акцияға қатысты азаматтар жағынан оң сын-пікірлердің барын атап өткен жөн, өйткені оны өткізудің басты мақсаты құқықтық көмек көрсету және кеңестер беру болып табылады.
Аталған іс-шара бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі