-A A +A

СҚО-да бас бостандығынан айырылғандарға түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды

Облыстың түзету мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға түсіндіру жұмыстарын өткізу және құқықтық көмек көрсету шеңберінде, 2017 жылғы 12 мамырда СҚО Әділет департаменті СҚО Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, СҚО әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының, СҚО әкімдігі білім басқармасының, СҚО әкімдігі жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының, Солтүстік Қазақстан облысы адвокаттар алқасының, СҚО Нотариаттық палатасының, «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаментінің өкілдерімен бірлесіп Қызылжар ауданының ЕС-164/9 мекемесіне шығу ұйымдастырды.
Іс-шара барысында сотталғандарға атқарушылық өндіріс, жұмысқа орналастыру, мерзімінен бұрын босату, нотариаттық және адвокаттық қызмет салалары бойынша ақпарат берілді.
Мұндай шараны облыстың барлық түзету мекемелерінде өткізу көзделіп отыр.
 
СҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі