-A A +A

Сенаторлар «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және оған ілеспе заңдар екінші оқылымда қабылданды

Ағымдағы жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бағалау қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары қаралды.
Заңдар бағалау қызметі саласындағы заңнаманы «Өзін-өзі реттеу туралы» Заң нормаларына сәйкес келтіруге, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беруге, сондай-ақ бірқатар заңнамалық актілерді негізгі заң жобасының нормаларына сәйкес келтіруге бағытталған.
Заңдар шеңберінде бағалау қызметі аясындағы мемлекеттік реттеу жөніндегі функцияларды Қаржы министрлігіне беру жөніндегі шаралар да көзделген.
Заң қабылдау өзін-өзі реттеудің дамуына және бағалау қызметі аясындағы мемлекеттік бақылаудың қысқаруына, тұтынушылардың құқықтарын, бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, бағалау қызметі субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, бағалау қызметін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге жәрдемдеседі.
 
 
ҚР Әділет министрлігінің
баспасөз қызметі
Тел: 74-06-01, 74-06-02,
55-86-91