-A A +A

Семинар өткізілді

2017 жылдың 7 қыркүйегінде Маңғыстау облысының әділет департаментінің ұйымдастыруымен нотариустардың, адвокаттардың және областық денсаулық сақтау басқармасы өкілінің қатысуымен әлеуметтік міндетті медициналық сақтандыру тақырыбында семинар өткізілді.
 
Шара барысында, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен ұсынылған Міндетті медициналық сақтандыру туралы Заңы бойынша денсаулық сақтау басқармасының өкілі түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында нотариустарға және адвокаттарға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жөнінде кітапшалар таратылып, семинар қатысушыларының сұрақтарына жауап берілді.
 
Маңғыстау облысының әділет департаментінің баспасөз қызметі