-A A +A

«Пробация үйі» жобасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілді

Қазақстан Республикасында 2017-2019 жылдарға арналған бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды оңалту әлеуметтік кешенді Стратегиясын орындау мақсатында,  облыс прокуратурасымен пробация есебіндегілерге «бір терезе» қағидасы негізінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету үшін «Пробация үйі» жобасы іске қосылды.
Осыған орай, Ақтөбе облысы Әділет департаментімен бас бостандығынан айыру орындарынан босаған және Қылмыстық-атқару департаментінің пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мақсатында Департамент қызметкерлері, адвокаттар мен нотариустар кіретін жұмыс тобы құрылды.
Ақтөбе облысы Әділет департаменті қызметкерлері  «Пробация үйінде» Ақтөбе облысы Қылмыстық-атқару департаментінің есебінде тұрған тұлғаларға апта сайын қабылдау жүргізеді. Ағымдағы жылдың 28 наурызы мен 27 сәуірі аралығында 90-нан аса заң кеңестері берілді. Кеңес алуға жүгінген азаматтардың басым бөлігін нәпақа төлеу мідетін орындау, жылжымайтын мүлікке құқықты тіркеу және заңды деректерді анықтау сұрақтары қызықтырды.
Әділет органдары қызметкерлерімен әлеуметтік-құқықтық сұрақтар бойынша құқықтық көмек көрсету жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айына дейін созылады.
 
Ақтөбе облысы Әділет департаменті