-A A +A

Пресс-релиз. Қоғамдық және ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке араластыру мәселелерін талқылау бойынша кездесу

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 2017 жылғы 31 қаңтардағы жолдауында Қазақстан Республикасының заңнамасын жаңа ақиқаттарға бейімдеу қажеттілігі мензеледі.
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 1 бабының 20) тармақшасына сәйкес заңнаманың жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесін ұсынатын құқықтық мониторинг жүргізу қарастырылады. 
Құқықтық мониторинг жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қоғамдық және ғылыми ұйымдарды, азаматтарды тартуға құқығы бар. (Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңындағы 50 баптың 3 тармағы )
Осыған орай, 2017 жылдың 14 сәуірінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Заңнама иснтитутымен бірлесіп қоғамдық және ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оқу орындарын құқықтық мониторингке тарту мәселелеріне арналған кездесу өткізуді жоспарлап отыр.
Жиналыс жұмысында қоғамдық және ғылыми ұйымдардың, жоғарғы оқу орындарының өкілдері, ғалым-заңгерлер және практиктер қатысады.
Өткен пікірталас барысында заң шығарушылық қызметтегі құқықтық мониторингтің маңызы байқалды. Қолданыстағы заңнаманы қолдануда тек қана мемлекеттік органдар емес, азаматтар, заңды тұлғалар да кездестіретін мәселелерді талқыланды.
Бұдан басқа, қоғамның, азаматтар мен мемлекеттің мүдделеріне ең жақсы жолмен жауап беретін қолданыстағы заңнаманы жетілдірудің маңызды құралы ретінде құқықтық мониторинг рөлін арттыруға мүмкіндік беретін, ұлттық заңнамада бар кемшіліктерді анықтау және жою жұмысында қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастығының маңызына көңіл бөлінді.
Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша кездесудің қатысушылары, бұдан әрі, құқықтық мониторинг проблемаларын талқылауға, оның нәтижелерін заңнама жетілдіруінде қолдануға арналған бірлескен іс-шаралар өткізуді, ақпаратпен адмасуды жүзеге асыратын ынтымақтастық бойынша жұмысты жалғастыруды, құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша талдау анықтамаларын қоғамдық, ғылыми ұйымдар және жоғарғы оқу орындарының пікірлерін ескере отырып, заң жобаларды әзірлеу кезінде ескеру үшін, тиісті мемлекеттік органдарға жіберуді шешті.