-A A +A

«Пиала Gold» Классикалық » тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін айыппұл төледі

«RG Brands» АҚ құқық иесінің өтініші бойынша Астана қаласының Әділет департаменті «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын сақтау бойынша «Астаналық» сауда үйінде жоспардан тыс тексеру өткізді.  

«RG Brands» АҚ тауар белгісіне сертификатпен расталған «Пиала Gold» Классикалық» тауар белгісінің құқық иесі болып табылады.  

Сонымен, тексеру барысында Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі азық-түлік сату саласында кәсіпкерлік қызмет жасайды, атап айтқанда «RG Brands» АҚ келісімінсіз «Пиала Gold» Классикалық» тауар белгісін қолдана отырып шайды бөлшектеп сатумен айналысқан.

Осыған байланысты, әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 158 бабына сәйкес әкімшілік жаза қолдану үшін негіз болатын ЖШС әрекеттері құқық бұзушылық ретінде анықталады.

ЖШС Астана қаласының МАЭС қаулысымен тауар белгісінің заңсыз бейнесі бар тауарларды тәркiлей отырып, мемлекет кірісіне 90 760 теңге көлемінде 40  (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде шағын кәсіпкерлік субъектісіне айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік тартылды.

Зияткерлік меншік құқығы бөлімі