-A A +A

Петропавлда «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясы өтті

2017 жылғы 14 маусымда Петропавл қаласында Әділет департаменті, мемлекеттік және жеке сот орындаушылар, облыстық адвокаттар алқасының адвокаттары «Халық заңгері» республикалық әлеуметтік акциясына қатысты, оның барысында азаматтар тегін заң кеңестерін алды. Акцияны ұйымдастырушылары «Параграф» ақпараттық жүйесі болып табылды, олар бұрын Қазақстанның бірқатар ірі қалаларында ұқсас іс-шаралар өткізді.
 
 
Акция алименттерді өндіріп алу, жылжымайтын мүлікті тіркеу, сонымен қатар жеке сот орындаушыларының қызметі жайлы мәселелер бойынша 100-ден артық адамды қамтыды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акцияны өткізу құқықтық нигилизмді жоюға және халық арасында сауаттылықты арттыруға әрекет етеді.
 
Солтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі