-A A +A

Павлодар облысының Әділет департаментінің жарты жылдық қызметі қорытындыланды

2017 жылдың 12 шілдесінде Павлодар облысының Әділет департаментінің басшысы Е.А. Сейдімбек төрағалығымен Павлодар облысы Әділет департаментінің 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмысын қорытындылау бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Отырысқа Павлодар облысының Әділет департаментінің басшылығы, құрылымдық және аумақтық бөлімшелердің басшылары қатысып, олардың        баяндамалары тыңдалды.
Баяндамаларда барлық қызмет салалары бойынша 2017 жылдың 1 жартыжылдығының жұмыс қорытындылары айтылды, сондай-ақ Әділет департаментінің алдында 2017 жылдың 2 жартыжылдығында тұрған бірқатар сұрақтар мен міндеттер талқыланды.
Отырысты қорытындылай келе, Е.А. Сейдімбек отырысқа қатысушыларға Әділет департаментінің қызметін жақсартуға бағытталған нақты міндеттер қойды.
        
        
Павлодар облысының
 Әділет департаменті