-A A +A

Павлодар облысында "Әділет кеңес береді" республикалық акциясы

Ағымдағы жылдың 21 сәуірінде "Нұр Отан" партиясы ПОФ облыстық қоғамдық қабылдауында Павлодар облысы Әділет департаментінің басшысы Е.А.Сейдімбек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру бойынша азаматтардың қабылдауын өткізді.
Азаматтардың қабылдауын Әділет департаментінің басшысымен бірлесіп нотариустар, адвокаттар мен облыстық жекеше сот орындаушылары өткізді.
Бұдан басқа бұл күні "Нұр Отан" партиясы ПОФ барлық филиалдарында қалалық және аудандық әділет басқармаларының басшыларымен орындарында азаматтарға ұқсас кеңес беру жүргізілді.
Өңірлерде азаматтарды қызықтыратын негізгі мәселелер жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтар мен құқық ауыртпалығы, сенімгерлік пен сенімхаттар, сауда белгісін пайдалану құқығы, сот шешімдері бойынша атқарушы құжаттарды орындау мәселелері болды.
Облыс бойынша акция барысында 98 азамат кеңес алды.
 
Павлодар облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі