-A A +A

Павлодар облысы азаматтарына кеңес берілді

Ағымдағы жылғы 23 қарашада Павлодар облыстық «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсіндіру мақсатында  азаматтар қабылданды.
Кең ауқымды мәселелер бойынша облыстың жеке сот орындаушыларының облыстық палата өкілдері, адвокаттар алқасы, нотариус палатасы азаматтарға кеңес берді.
Бұған қоса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы қолданыстағы заңнаманы түсіндіру мақсатында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының өкілдері шақырылды.
Сондай-ақ акцияны өткізу барысында адвокатура саласындағы реформалардың негізгі бағыттары мен медиация рәсімін өткізу тәртібі түсіндірілді.
Сонымен қатар, осы күні Павлодар облыстық «Нұр Отан» партиясының барлық филиалдарында қалалық және аудандық әділет басқармаларының басшылары осындай кеңестер өткізді.
Өңірлерде азаматтардың қызығушылығын туғызатын негізгі мәселелер жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтар, өсиеттер мен сенімхаттарды куәландыру, тауар таңбасын пайдалану ережелері, сот шешімі бойынша атқарушылық құжаттарды орындау және т.б. мәселелер болды.
Бұл акцияда облыста барлығы 76 азаматқа кеңес берілді.
 
Павлодар облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі