-A A +A

Парламент Сенатының депутатымен кездесу өтті

Бүгін Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депуты Мұхаммедов Мұрат Бахтиярұлымен кездесу өтті. Кездесуге  Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысының орынбасары И.Бәкішева мен ҚМУ-дың ректоры Қ.Бисенов, докторлар, профессорлар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Жиын барысында Сенат депутаты Елбасының 25.01.2017 жылғы арнайы Үндеуін насихаттап, Мемлекет басшысының жыл сайынғы халыққа арналған Жолдауының басым бағыттарына түсіндірмелер жүргізді. Қатысушылар тарыпынан Үндеуге қолдау білдіріліп, жан-жақты пікірлер алмасты.
 
Қызылорда облысы Әділет департаментінің
баспасөз қызметі