-A A +A

Парламент Мәжілісінің депутатымен кездесуі өткізілді

11 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаментінде Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Анар Нұралықызы Жаилғанова және «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Өмірзақ Пердебекұлы Мелдеханов Әділет департаментінің қызметкерлерімен және жеке сот орындаушылармен кездесу өткізді.
Іс–шара барысында депутат Анар Жаилғанова Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсултан Назарбаевтың ағымдағы жылдың 10 қаңтардағы Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізігі ережелерін, сондай-ақ, Президентпен Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін қойған міндеттеріне тоқталды.
Оған қоса «Бағалау қызметі туралы» Заңына енгізілген өзгерістер бойынша және атқарушылық іс жүргізуді реттейтін заңнамаға енгізілетін реформалар туралы түсіндірмелер берді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Адвокаттар алқасының төрағасы, Жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы және әділет департаментінің қызметкерлері депутатқа көптеген сұрақтар қойып, қолданыстағы заңнамаға қатысты ұсыныстар айтты.
 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі