-A A +A

«Ордабасыагропромтехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен кездесу өтті

14 наурызда Ордабасы аудандық әділет басқармасы Шұбар ауылында орналасқан «Ордабасы агропромтехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлеріне Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру және Дүниежүзілік экономикалық форумының жаһандық бәсекеге қабілеттілік индикаторларын жақсарту бойынша атқарып жатқан іс-шараларды түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Кездесуде қабылданған заңнамалық реформалар түсіндіріліп, «Ордабасы агропромтехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қызметкерлерімен қойылған сұрақтарына әділет басқармасының мамандары жауап берді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі