-A A +A

Оңтүстік Қазақстанда алимент төлемеген борышкер көлік жүргізу құқығынан айырылды

Бір жарым жылдай уақыт алимент төлемеген азамат көлік жүргізу құқығынан айырылды. Осы уақытта борышкердің қарызы 700 000 теңгеге жуықтаған.
Шардара аудандық сотының шешіміне сәйкес, алимент бойынша борышкерөз жүргізуші куәлігінен айырылды.
Жүргізуші куәлігі алынып, ОҚО ІІД Сарыағаш ауданаралық тіркеу емтихан бөліміне жолданды.
 
ОҚО Әділет департаментінің
баспасөз қызметі