-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысында сот орындаушыларының 2017 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары қорытындалды

Оңтүстік Қазақстан облысының барлық мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының, олардың Өңірлік палатасының басшылығының және облыс прокуратурысы өкілдерінің қатысуымен өткізілген Әділет департаментінің кеңейтілген алқа мәжілісі барысында сот орындаушыларының биылғы жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары қорытындалды.
Спикерлердің баяндамаларында сот орындаушыларының әрекеттеріне шағымдану фактілерін азайту бойынша және сот орындаушыларының халыққа көрсететін қызметтерінің сапасы мен мәдениетін жоғарылату жайында ұсыныстар айтылды.
Мәжіліс барысында, сондай-ақ, алимент төлемдері мен мемлекет пайдасына сомаларды өндіру мәселелеріне бөлек назар аударылған болатын.
Биылғы жылдың есеп беру кезеңінде өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда орындауға түскен құжаттар санының өсуі ескеріліп, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған Стратегиялық Жоспарының аяқталған атқарушылық өндірістер үлесі бөлігіндегі көрсеткіштерін арттыруға жұмысты бағыттандыру қажеттілігі атап өтілді.
Алқа отырысының нәтижесінде жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар берілді.
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі