-A A +A

«Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау. Өтінімді электронды түрде беру» Зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша семинар

2017 жылғы 16 наурызда Қостанай облысының Әділет департаменті «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК солтүстік қазақстандық филиалымен бірлесе Қостанай қаласында кәсіпкерлерге зияткерлік меншік құқығын қорғау саласында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша «Өнеркәсіптік меншік объектілерін құқықтық қорғау. Өтінімді электронды түрде беру» бойынша семинар өткізді.
Іс-шарада өнеркәсіптік меншік объектілеріне берілтен өтінім тәртібі, қажетті құжаттардың тізімі, сондай-ақ, оларды қарастыру мерзімі мен сараптама жүргізу мәселелері түсіндірілді.
 
Қостанай облысы Әділет департаменті
баспасөз қызметі