-A A +A

ОҚО Әділет департаментімен «Ашық есік күні» өткізілді

Шілденің 27 күні, сағат 10:00 – 13:00 аралығында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен азаматтарға тегін заң көмегін беру мақсатында «Ашық есік күні» өткізілді.
 
 
Іс-шараға адвокаттар, нотариустар, Әділет департаментінің, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша денсаулық, жер қатынастар және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарамаларының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Азаматтар тарапынан жылжымайтын мүлкіне, атқарушылық іс жүргізу орындау бойынша, адвокаттық және нотариттық қызметтеріне қатысты сұрақтар қойылып, 13 азаматқа тегін заң көмегі көрсетілді.
 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі