-A A +A

«Нотариат және адвокат институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылғы 27-28 сәуірінде Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Дүниежүзілік Банктің қолдауымен сот төрелігі секторын институтционалдық нығайту жобасы шеңберінде «Нотариат және адвокатура институттарын одан әрі дамыту және реформалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараға Парламент Мәжілісінің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, Әділет министрлігінің, мемлекеттік органдардың, халықаралық және ұлттық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - нотариаттық және адвокаттық қызмет саласында ұлттық заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау, халықаралық тәжірибе алмасу болып табылды.
Іс-шара барысында нотариустар мен адвокаттардың жауапкершілігін күшейту; Pro bono жүйесін енгізу; адвокаттар үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру; нотариус пен адвокат кәсібіндегі тәртіп пен қол жетімділік; нотариустар мен адвокаттардың біліктілігін арттыру; Е-нотариат жүйесін және басқаларды жетілдіру мәселелері талқыланды.
Жалпы алғанда қатысушылар нотариат пен адвокатураны жетілдіру мәселелерін талқылаудың маңыздылығын атап өтті, өйткені бұл салаларда жеке тұлғаның құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруға бағытталған.
Кездесудің қорытындысы бойынша ұсыныстар дайындалды.