-A A +A

Н.А.Шәйкеновтің 70 жылдығына арналған «Құқықтық мемлекет құру процесінде жеке адам құқықтарын қамтамасыз ету» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

2017 жылғы 16 наурызда сағат 9.00-да Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама институтымен бірлесе отырып, Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалары офисінің қолдауымен Н.А. Шәйкеновтің 70 жылдығына арналған «Құқықтық мемлекет құру процесінде жеке адам құқықтарын қамтамасыз ету» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференция («Шәйкенов оқуларын») өткізілуі жоспарланған.
Конференцияның мақсаты – Қазақстанның ұлттық заңнамасы мен құқық шығармашылық процесін жетілдіру бағыттарын жан-жақты талқылау, ғылыми қорытындылармен, зерттеу және халықаралық тәжірибемен алмасу.
Аталған іс-шараларды Қазақстанда өткізу адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге қатысты заңнама салаларын одан әрі жетілдіруге оң теориялық және практикалық әсер етеді. Оның үстіне, конференцияға қатысушылардың жоғары кәсібилігі және халықаралық форматы мемлекеттік органдар, ғылыми қоғамдастық және үкіметтік емес сектор тарапынан Н. Шәйкеновке қызықты болған және бүгінгі күнге дейін өзекті болып табылатын зерттеу мәселелеріне қызығушылығын растайды.
Конференция жұмысына Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мүдделi мемлекеттiк органдардың, халықаралық және үкiметтiк емес ұйымдардың, Қазақстанның және шетелдік ғылыми бiрлестiктердің өкілдері қатысады.
Өткізу орны: Астана қ., Достық көш., 2, «Марриотт» мейманханасы, 3-қабат, «Балхаш» мәжіліс залы.
ҚР Әділетминінің баспасөз-қызметі, тел./факс: 74-06-01, 74-06-02
веб-сайт: http://www.adilet.gov.kz
электронный адрес: pressgov@mail.ru
 
ҚР Заңнама институтытел./факс: 74-14-11, 74-14-28
веб-сайт: http://www.iz.adilet.gov.kz
әлеуметтік желілер:
www.facebook.com/Институт-законодательства-РК
twitter.com/Zan_institute