-A A +A

Мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментімен облыс әкімі аппаратының заң бөлімінің басшысының, адвокаттардың, нотариустардың және құқықтанушылардың қатысуымен сот дауларын азайту мақсатында мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету тетіктерін жетілдіру бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
 
 
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының ақпаратына сәйкес, республика соттары ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында мәмілелермен байланысты 1 518 іс қаралған, оның ішінде: нотариалды куәландырылған мәмілелер бойынша 723 іс қаралған.
Көпшілік жағдайларда нотариалды куәландырылған мәмілені Қазақстан Республикасы Азаматтық кодекстің 157, 158, 159 және ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінің 33, 34 баптарының талаптарын сақталмауларына байланысты қанағаттандырылған.
Сондай-ақ мәмілелердің тараптары мен нотариустардың жосықсыз әрекеттері де орын алған.
Дөңгелек үстел барысында нотариустармен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Заң жобасына ілеспелі заң жобасында нотариустардың кәсіби біліктілігін күшейтуді көздейтін нормаларды қарастыру, сонымен қатар нотариустарға жалпы бірлескен және немесе үлестік мүліктерге қатысты мәмілелерді куәландыру кезінде мәмілеге қатысушылардың отбасылық жағдайлары туралы мәліметтердің шынайылығын тексеру міндетін жүктеу туралы ұсыныстары қолдау тапты.
 
 
Оңтүстік Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі