-A A +A

«Мәмілелер тазалығы» механизмін енгізу бойынша дөңгелек үстел өткізілді

2017 жылғы 9 қараша күні Алматы қаласы Әділет департаменті «мәмілелер тазалығы» механизмін енгізу бойынша дөңгелек үстелді Алматы қалалық судья М.Ш.Мухатовтың, Алматы қ. Нотариалдық палатасының өкілі О.В.Вербованың және Алматы қаласы нотариустарының қатысуымен өткізді.
Дөңгелек үстел барысында иеліктен шығарылған мүліктің бұрынғы иегерлерінің мүлікті иелену тарихын нотариустар тексеруінің құқықтық механизмдерін енгізудің қажет екендігі туралы, мәмілелерді куәландыру кезінде қатысушылардың отбасылық жағдайы туралы мәліметтер бойынша нотариустарға артылатын міндеттер туралы сұрақтар талқыланды.
Сонымен қатар, нотариустардың кәсіби даярлығы жөнінде мәселелер қарастырылып, нотариустардың кәсіби деңгейін көтеретін шаралар ұсынылды.
Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мәмілелердің заңдылығын қамтамасыз ету механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Алматы қаласы әділет департаментінің баспасөз қызметі