-A A +A

Министр Марат Бекетаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды

Әділет министрі Марат Бекетаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Жұмыс сапарының басты мақсаты – ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізгі ережелерін халыққа түсіндіру.
Сапар барысында бірқатар іс-шаралар өтті. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысы әкімінің халық алдында есеп беру кездесуіне және әділет департаментіндегі отырысқа қатысу.
Халық алдында сөз сөйлеу кезінде министр Марат Бекетаев Мемлекет басшысы Жолдауының маңыздылығын атап өтіп, стратегиялық құжаттың негізгі ережелеріне тоқталды. Ведомства басшысы еліміздің үшінші жаңғыруының негізі жаңа жаһандық ахуалда дамудың жаңа үлгісіне көшуді қамтамасыз болып табылатынын атап өтті. Бұл заманауи әрі жаһандық қауіп-қатерге берілген жауап. Министр Марат Бекетаев негізгі басымдықтарды атап айтып, оларды іске асырудың маңыздылығына тоқталды.
Министр бүгінгі сөзінде Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндірумен қатар Конституциялық реформаның екінші бағыты туралы да айтты.
Сонымен қатар, министр Марат Бекетаев әкімшілік және қылмыстық заңнаманы ізгілендіру бойынша өткізіліп жатқан шаралар туралы айтты. Әкімшілік айыппұлдар әділ, жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес болуы тиіс.
Қазіргі уақытта, Министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірге «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын әзірледі.
Бұл құжаттың басты мақсаты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті ізгілендіру болып табылатынын атап өткен жөн. Әділет министрі заң жобасының негізгі бес ережесіне қысқаша тоқталды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың 150-ден аса құрамы бойынша айыппұл санкциясының мөлшерін азайту және санкциялары айыппұлмен қатар жеке және заңды тұлғаларға қатысты ескерту түріндегі жазаны көздейтін құқық бұзушылықтарға жеті күн мерзім ішінде айыппұлдың жалпы соммасының 50% төлеуге рұқсат беретін қысқартылған іс жүргізу институтының қызметін қолдану туралы жаңалық халық тарапынан қолдау тапты.