Толық нұсқауға көшу
Ресми Интернет-ресурс
-A A +A

Меморандумға қол қойылды

Мемлекеттік қызметтерді көрсету процессін жетілдіру мақсатында   Маңғыстау облысының Әділет департаменті және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясының Халыққа қызмет көрсету орталығы департаменті 2017 жылғы 2 тамызда өзара әрекеттестік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
 
 
Меморандумның міндеттері мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру, олардың ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету кезiнде төрешiлдiк көріністеріне жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық көріністерін болдырмау, қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ қажетті ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету болып табылады.
Кездесу соңында Меморандум тараптары Халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерлерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында тұрақты негізде бірлескен құқықтық түсіндіру және тәжірибелік оқыту іс-шараларын жүргізуді шешті.
 
Маңғыстау облысы Әділет департаментінің баспасөз қызметі