-A A +A

Мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша меморандумға қол қойылды

2017 жылдың 26 шілдесінде Алматы облысы Әділет департаментінің ғимаратында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша филиалы «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті және Алматы облысы Әділет департаменті арасында мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумға қол қойған тараптар халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру жөнінде бірлескен іс-шараларды жүзеге асыру туралы келісті.