-A A +A

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мәселесі бойынша іс-шара өткізілді

2017 жылдың 10 қарашасында «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясының Алматы облысы бойынша филиалы - «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай ұйымдастырылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы заңнамалардың нормалары мен талаптарын түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
 
 
Аталған іс-шара азаматтардың құқықтық сауаттылығы мен ақпараттануын арттыру, олардың Заңға деген оң қарым-қатынасын қалыптастыру, қолданыстағы заңнамалардың нормаларын бойынша құқықтық көмек көрсету мақсатында өткізілді.
Іс-шараға Алматы облысы Әділет департаментінің қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың, сот сараптамалары институтының, аумақтық сот орындаушылары палатасының,Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы облысы бойынша департаментінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында азаматтарға әділет органдарының құзыретіне кіретін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша құқықтық көмек көрсетілді.
 
Алматы облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі