-A A +A

Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету бойынша құқық қорғау органдары арасында жиналыс өтті

Ақтөбе облысының Әділет департаментімен 2017 жылдың 1 тамызында облыстық сот және құқық қорғау органдары, облыстың адвокаттар алқасының өкілдерімен және адвокаттардың қатысуларымен «дөңгелек үстел» өткізілді.
Кездесу барысында мемлекет кепілдік берген заң көмек көрсетуді жақсарту, адвокатура жүйесін бекіту және оларды жетілдіру сұрақтары талқыға салынды.
Әділет департаментінің мамаңдары келесі тақырыптар бойынша баяндама жасады: ҚР адвокаттық қызмет және адвокаттар мәртебесі туралы» «ҚР жаңа Заның әзірлеу және қабылдау, уәкілеттік және қорғаумен байланысты төлемді өтеу», адвокаттармен көрсетілетін заңгерлік көмекті төлеу ережелері және адвокаттық қызмет саласындағы басқа да сұрақтар. Сұрақтарды талқылау барысында қатысушылар белсенді пікір алысты және жаңа Занның жобасына енгізу үшін жазбаша ұсыныстар жолдайтындығын атап өтті.
«Дөңгелек үстел» нәтижесі бойынша мемлекет кепілдік берген заң көмек көрсету жүйесін жақсарту бойынша қатысушылармен ұсыныстар және ескертулер ұсынылды.
 
Ақтөбе облысы
Әділет департаменті