-A A +A

Мемлекет басшысының мақаласын түсіндіру мақсатында дәріс ұйымдастырылды

2017 жылдың 20 сәуірінде Жамбыл облысы Әділет департаментінде Мемлекет басшысының 2017 жылдың 12 сәуіріндегі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын түсіндіру мақсатында дәріс ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы дәріс барысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауының бағыттарын түсіндіріп өтті.
 
 
Жамбыл облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі