-A A +A

«Мектепке жол» Республикалық акциясына қолдау көрсетілді

Алматы облысының Әділет департаментінің қызметкерлері жыл сайын өткізілетін «Мектепке жол» Республикалық акциясын дәстүрлі түрде қызу қолдады. Аумақтық жеке сот орындаушылар палатасымен бірлесіп, жаңа оқу жылының басталуына байланысты тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленіп жатқан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жас өспірімдерге мектепке қажетті тауарлар мен киім-кешектер сыйға тартылды.
 
Алматы облысының Әділет басқармасының
Атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету басқармасы