-A A +A

Медиация институтын дамытуды насихаттау бойынша Меморандум

2017 жылдың 8 қыркүйек айында Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде халықтың құқықтық мәдениетін көтеру, сондай-ақ, медиативті қызметтердің тиімді әдісін насихаттау мақсатында, Батыс Қазақстан облысы Әділет департаменті мен Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ, Батыс Қазақстан облысы Нотариаттық палатасы, Батыс Қазақстан облысы адвокаттар алқасы, Батыс Қазақстан облысы жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Кездесуге адвокаттар мен медиаторлар да қатысты.
Іс-шара барысында БҚО Әділет департаменті басшысының м.а. Х.М.Куставлетов Меморандумның мақсаттары мен міндеттерін атап өтті, қатысушылармен медиаторлар жұмысын тұрғындар арасында кеңінен насихаттау мәселелері, медиация арқылы дауларды шешудің артықшылықтары талқыланды.
Шара соңында тараптар қоғамда даулы жағдайлар деңгейін төмендетуге әсер ететін дауларды реттеу институтын, оның ішінде медиация институтын жан-жақты дамыту және ендіру бойынша өзара қарым-қатынас аясында біріккен іс-шараларды жүзеге асыру қажеттігін атады.
 
 
Батыс Қазақстан облысы
Әділет департаментінің
баспасөз қызметі