-A A +A

Лауазымды тұлғалардың аттестаттауы өтті

2017 жылдың 15 қаңтарында Маңғыстау облысы әділет департаментінде аудандық округтер әкімдері аппараттарының лауазымды тұлғаларына нотариаттық іс-әрекеттерді жасау құқығына аттестация өткізілді.
Аттестацияға 16 лауазымды тұлға қатысып, оның ішінде аттестациядан өткен 16 лауазымды тұлғаға нотариаттық іс-әрекеттерді жасау құқығы берілуі туралы комиссия шешімі қабылданды.
Аттестаттау комиссиясы барлық әкімдерге нотариат бағыты бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын оқып зерделеуді жалғастырып, онда енгізілетін өзгерістерді қадағалап, өзінің кәсіби деңгейін көтеруде үнемі жұмыс істеуді ұсынды.
 
Маңғыстау облысы әділет департаментінің баспасөз қызметі